Қызмет түрлері
Қойылған мақсатты іске асыру үшін Кәсіпорын мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады: 1. тарихи, мәдени және сәулет нысандарында жөндеу және құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу; 2. тарих, мәдениет және сәулет саласындағы жылжымайтын және жылжымалы ескерткіштерді реставрациялау, консервациялау, регенерациялау және музей экспозициясына айналдыру; 3. музейлерді қайта экспозициялау және құру барысында тақырыптық жоспарлар әзірлеу, көркемдік-безендіру жұмыстарын орындау; 4. жаңа театрлық-сахналық технологияларды әзірлеу, енгізу және жаңғырту; 5. жөндеу-реставрациялық жұмыстарға қажетті көне үлгілер мен технологиялар негізінде түрлі түсті, құю, тас қашау, ағаш өңдеу, бетон, металл, керамика бұйымдарын, кірпіштер мен қаптама тақталарды өндіру және ұсыну; 6. мына нысандар бойынша ғылыми-зерттеу және жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу: – жөндеуге, реставрациялауға, консервациялауға, регенерациялауға, бейімдеуге және музей экспозициясына жататын тарих, мәдениет және сәулет ескерткіштері; – сәулет, қала құрылысы және құрылыс нысандары; – мүсіндік-монументтік ескерткіштер, естелік белгілер мен мемориалдық тақталар; 7. мүсіндік-монументтік ескерткіштерді, естелік белгілер мен мемориалдық тақталарды дайындау және орнату; 8. мәдениет пен өнер саласындағы көрнекті тұлғалардың есімін мәңгі есте қалдыруға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу; 9. Қазақстан Республикасының тарихымен байланысты мәдени мұраны сақтау және дамыту саласында отандық және шетелдік ұйымдармен ынтымақтастық орнату және бірлесіп жұмыс істеу; 10. Қазақстан Республикасының тарих және мәдениет ескерткіштерін анықтауға, есепке алуға және ғылыми құжаттамасын жасауға қатысу; 11. тарихи-архитектуралық және қала құрылысы тірек жоспарларына, қорғау және регенерация аймақтарының жобаларына, егжей-тегжейлі жоспарлау және қорғау аймақтарын абаттандыру жобаларына сәйкес Қазақстан Республикасының тарихи және этномәдени орталықтарын сақтау мен қорғау мақсатында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ ескерткіштерді қорғау, консервациялау және реставрациялау саласындағы ғылыми-қолданбалы зерттеулерге қатысу, халықаралық өңірлік және жобалық бағдарламаларға қатысу, тәжірибе алмасу; 12. тарихи-қала құрылысы бағдарламаларын әзірлеуге қатысу; 13. тарихи-мәдени және өзге де қорықтар, қорық-музейлер құрамына кіретін ескерткіштерді сақтау, музейлендіру және пайдалану, сондай-ақ олардың инфрақұрылымын дамыту бойынша ғылыми-жобалық құжаттаманы әзірлеу; 14. сәулет пен өнердің, мәдени мұра нысандарының формалық қалыптасуын, олардың даму генезисін зерттеу, ескерткіштерді типологиялық сәйкестендіру және хронологиялық жіктеу; 15. көне құрылыс материалдарын және консервациялық құрамдарды өндіру технологиясын зерттеу және әзірлеу, ескерткіштердің конструктивтік элементтерін дайындау тәсілдері мен көне құрылыс өндірісінің әдістерін зерделеу және дамыту; 16. ескерткіштер мен оларды қорғау аймақтарын ұстау және пайдалану бойынша оңтайлы режимдерді әзірлеу; 17. ескерткіштерді консервациялау, музейлендіру және регенерациялау мәселелері бойынша кешенді археологиялық және этнографиялық зерттеулерді енгізу, тарихи-мәдени мұраны қорғау мен пайдалануға байланысты практикалық мәселелерді зерделеу үшін әртүрлі бейіндегі мамандар мен мекемелердің ынтымақтастығын ұйымдастыру; 18. Қазақстан Республикасының материалдық мәдениет ескерткіштері бойынша ғылыми-зерттеу материалдары мен жобалық құжаттаманың бірыңғай анықтамалық-ақпараттық қорын құру; 19. тарих және мәдениет ескерткіштері, олардың аумақтары мен қорғау аймақтары бойынша барлық құжаттама түрлеріне сараптама жүргізуге қатысу, тиісті қорытындылар, пікірлер мен ұсынымдар беру; 20. құрылыс және реставрациялық бұйымдар мен материалдарға зертханалық зерттеулер мен сынақтар жүргізу, талдау және сынақ нәтижелері бойынша сараптамалық қорытындылар беру; 21. реставратор-мамандарды даярлау және олардың біліктілігін арттыруға қатысу; 22. Кәсіпорынның негізгі қызметі мәселелері бойынша заңды және жеке тұлғаларға ғылыми, әдістемелік және техникалық көмек көрсету; 23. Қазақстан Республикасының тарих және мәдениет ескерткіштерінің жинағын, монографияларды, анықтамалық және жарнамалық басылымдарды, сондай-ақ ескерткіштерді консервациялау, реставрациялау, бейімдеу, музейлендіру, регенерациялау әдістемесі мен тәжірибесіне, осы саладағы жаңа зерттеулер мен әзірлемелерге арналған басылымдарды шығару; 24. тарихи-мәдени мұраны зерделеу, қорғау, реставрациялау, консервациялау, бейімдеу, регенерациялау, пайдалану және сабақтастыра дамыту мәселелері бойынша республикалық және халықаралық ғылыми және ғылыми-практикалық конференциялар, семинарлар мен симпозиумдарды даярлауға және өткізуге қатысу; 25. тарихи-мәдени мұраны сақтау және пайдалану саласындағы заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлеуге қатысу.