Құрметті әріптестер, достар және серіктестер!
Сіздер «Қазқайтажаңарту» РМК қызметімен танысып отырсыздар. Кәсіпорын Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасын сақтауға және жаңғыртуға 50 жылдан астам уақыт бойы елеулі үлес қосып келе жатқан мемлекеттік мекеме. Бүгінде дейін кәсіпорын еліміздегі мыңға жуық тарих-мәдени ескерткіштерді қалпына келтіру жұмыстарын атқарды.
Мәдени мұра — халықтың қазынасы, мемлекеттің тарихы, ұлттың дәстүрі мен рухани құндылықтарының айнасы. Біздің миссиямыз — ғасырлар тезінен өтіп, ата-бабадан ұрпаққа жеткен тарихи және мәдени ескерткіштерді сақтау, ондағы сәулет өнерінің қалпын бұзбай, мұқият зерделеп, ғылыми негізде реставрация жасау. Біз мемлекет пен қоғам сеніп тапсырған жауапкершілікті адал атқарып, баға жетпес мұраны келешек ұрпаққа аманаттау жолында күш-жігерімізді, кәсіби тәжірибемізді аянбай жұмсап келеміз.
Кәсіпорын мемлекет жүктеген басты міндет — мәдени мұраны сақтау және Қазақстанның ұлттық бірегейлігін нығайту саласындағы еселі еңбегін жалғастыра береді.
