Қ.А.ЯССАУИ КЕСЕНЕСІНДЕГІ АУА АЛМАСУ ЖҮЙЕСІ ЗЕРДЕЛЕНДІ
«Қазқайтажаңарту» РМК мавзолейдің табиғиауа алмасу жүйесіне барлау жүргізді. Желдетушахталарына арнайы генератор арқылы зиянсызқұрғақ түтін жіберілді.
Барлау барысында 19 желдету шахтасыныңтехникалық жай-күйі зерделенді. Оның ішінде 10 шахта бірінші қабатта, 9 шахта екінші қабатта орналасқан.
Зерделеу нәтижесінде 6 шахтаның ауа айналымы әлсіз екені анықталды. Кесенедегі негізгі ауаны алмастыратын 7 шахта әуелгі қалпында жұмыс істеп тұр. Бұл ғылымиреставрациялау жұмыстарын жүйелі жоспарлау мен іске асырудың негізін қалыптастырады.