KZ | RU | EN
050000. Алматы, Гоголь көшесі 37
Тел.: 8 (727) 382 4281, info@kazrestavration.kz

САРАЙШЫҚ ҚАЛАШЫҒЫНДА НЕКРОПОЛЬДЕР ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

10/03/2026 | 17
САРАЙШЫҚ ҚАЛАШЫҒЫНДА НЕКРОПОЛЬДЕР ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

«Қазқайтажаңғырту» РМК Сарайшық қалашығында ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізді.

Бұл жоба саяхатшы және топограф А.Г. Алексеевтің картасы бойынша «Склепь Аулие»-«Әулие Қамал» атауымен белгілі қорым құрылыстарын қайта жаңғыртып, қалпына келтірді.

Қайта жаңғырту жұмыстары өткеннің ескерткіштерінің көрінісін мүмкіндігінше дәл жеткізу үшін археологтар мен тарихшылардың ғылыми ұсынымдарын ескере отырып жүргізілді.

Қалпына келтіру жұмыстарының талаптарына сәйкес қорым құрылыстарының үстінен жауын-шашынның, желдің және температура ауытқуының әсерінен барынша қорғайтын құрылым салынды.


Мұндай архитектуралық шешім ИКОМОС пен ЮНЕСКО ұсынымдарында бекітілген археологиялық мұраны сақтаудың халықаралық тәжірибесі мен қағидаларына сәйкес келеді.

Бұл ұйымдар бір мезгілде екі негізгі мақсатты – шынайы тарихи нысандарды сақтау және олардың халыққа қолжетімділігін қамтамасыз ету қажеттілігін көздейді.

Осылайша, жобаны жүзеге асыру мәдени мұраны сақтауға, елдегі тарихи-мәдени туризмді дамытуға және ежелгі қалашықтың бай тарихын танымал етуге мүмкіндік береді.

Жоба бойынша жұмыс аяқталған соң нысан «Хан Моласы» шартты атауына ие болды.