KZ | RU | EN
050000. Алматы, Гоголь көшесі 37
Тел.: 8 (727) 382 4281, info@kazrestavration.kz

Қ.А. ЯССАУИ КЕСЕНЕСІНІҢ КЛИМАТТЫҚ ЖАҒДАЙЫ БАҚЫЛАУДА

25/11/2025 | 20
Қ.А. ЯССАУИ КЕСЕНЕСІНІҢ КЛИМАТТЫҚ ЖАҒДАЙЫ БАҚЫЛАУДА

Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесінде климаттық өзгерістерді қадағалайтын заманауи автоматтандырылған мониторинг жүйесі үздіксіз жұмыс істеп тұр.

2023 жылы «Қазқайтаржаңарту» мекемесі кесенеге 106 арнайы құрылғы орнатып, локалды метеостанция мен жер сейсмикалық бақылау жүйесі бар мониторинг орталығын ашты.


Жүйе арқылы кесенеде:

— ауаның және қабырғаның ылғалдылығы;

— температура;

— ауа қозғалысының жылдамдығы мен бағыты;

— жылы ауаның тығыздығы;

— шудың деңгейі;

— ғимараттың тепе-теңдігі;

— жер асты суларының деңгейі

үздіксіз бақыланады.

Сонымен қатар, жүйе шық түсу нүктесін дәл анықтай алады.

Барлық деректер әр 2–10 минут сайын және 2 сағат сайын орталық компьютеріне тіркеліп отырады.

Қазір мамандар 3 жылдық деректерді сараптап жатыр.

Бұл деректерге сүйене отырып, кесененің қолайлы климаттық жағдайын жедел басқару және қажетті іс-шараларды уақтында орындау жүйесін құруды жоспарлап отырмыз.