KZ | RU | EN
050000. Алматы, Гоголь көшесі 37
Тел.: 8 (727) 382 4281, info@kazrestavration.kz

Қ.А.ЯССАУИ КЕСЕНЕСІ МАҢЫНДАҒЫ ЫЛҒАЛ ҚАУПІ ТӨМЕНДЕДІ

27/11/2025 | 20
Қ.А.ЯССАУИ КЕСЕНЕСІ МАҢЫНДАҒЫ ЫЛҒАЛ ҚАУПІ ТӨМЕНДЕДІ

«Қазқайтажаңарту» мекемесінің инженерлік-реставрациялық жұмыстарының нәтижесінде кесене аумағындағы ылғал қаупі төмендеді.

Биыл ғимарат маңындағы суармалы көгалдар алынып, құрғақ қиыршық тас төселді.


Естеріңізге сала кетейік, 2021–2022 жылдары жергілікті қала әкімдігі кесене аумағына абаттандыру жұмыстарын жүргізіп, суару жүйесін орнатқан.

Осыдан кейін мавзолейге жүрігізілеген ғылыми-зерттеу және зерделеу жұмыстарының қорытындысы бойынша «Қазқайтажаңарту» РМК жергілікке әкімдікке суармалы аумақтағы топырақтың шамадан тыс ылғалдануын азайтып, абаттандырудағы суару жұмыстарын тоқтатуға ұсыныс берген.


Қала әкімдігі оң шешім қабылдап, тиісті жұмыстарды атқарды. Құрғақ әрі қолайлы климатты қалыптастыратын ландшафты сақтау басты назарға алынды.