Қ.А. ЯССАУИ МАВЗОЛЕЙІНІҢ КҮМБЕЗІ КОНСЕРВАЦИЯЛАНДЫ
Қ.А. Яссауи кесенесінің күмбезіндегі шытынаған глазурь бөліктері консервацияланды. «Қазқайтажаңарту» мекемесі қорғаныш-декоративті жабындыны лабораториялық сынақтар жүргізу арқылы таңдап алды.

Зерттеу нәтижесінде ультракүлгін сәулеге төзімді, жауын-шашынға және түрлі климаттық температура өзгерістеріне шыдамдылығы жоғары, адгезиясы мықты, күмбез түсіне лайық финляндиялық материал қолданылды. Бұл қоспа глазурдың бүлінген жерлеріне су өткізбей, күмбездің тарихи келбетін сақтауға мүмкіндік беріп отыр.

«Қазқайтажаңарту» мамандарының ғылыми тәсілге негізделген жүйелі және кәсіби жұмысы консервациялаудың беріктігін күшейтіп, күмбездің келбетін арттырды.