KZ | RU | EN
050000. Алматы, Гоголь көшесі 37
Тел.: 8 (727) 382 4281, info@kazrestavration.kz

МАВЗОЛЕЙ АУМАҒЫН ЫЛҒАЛДАН ҚОРҒАУ ІС-ШАРАЛАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

02/12/2025 | 15
МАВЗОЛЕЙ АУМАҒЫН ЫЛҒАЛДАН ҚОРҒАУ ІС-ШАРАЛАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Яссауи кесенесінің кіреберіс порталындағы гранит плиткалар ауыстырылды. 227 м² аумаққа «Қазқайтажаңарту» мекемесінің өндірістік цехында арнайы әзірленген тақта кірпіштер төселді.


Мекеменің ғылыми зерттеу және зерделеу жұмыстарының қорытындысы бойынша, бұрын төселген гранит плиткалар жаңбыр және қар суларының топырақ қабатындағы ылғалдың табиғи түрде кебуіне тосқауыл болған. Соның салдарынан кесененің сыртқы және ішкі қабырғалары ылғалданып, тұздану (высолы) пайда болған.


Осыған байланысты тарихи ғимараттың сәулеттік келбетін бұзбайтын, ылғалдың табиғи таралуына және ауаның еркін алмасуына қолайлы кірпіштер әзірленіп төселді.

«Қазқайтажаңарту» мекемесі мавзолей аумағындағы ылғалдануды жою және ылғалдылық қаупінің алдын алу шараларын жалғастыра береді. Бұл — тарихи ескерткішті ұзақ мерзімді сақтауға бағытталған ғылыми-инженерлік шешім.