KZ | RU | EN
050000. Алматы, Гоголь көшесі 37
Тел.: 8 (727) 382 4281, info@kazrestavration.kz

«ҚАЗҚАЙТАЖАҢАРТУ» ҰЖЫМЫ 2025 ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ

26/12/2025 | 14
«ҚАЗҚАЙТАЖАҢАРТУ» ҰЖЫМЫ 2025 ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ

Биыл «Қазқайтажаңарту» РМК ұжымы тарихи-мәдени ескерткіштерді сақтау мен қалпына келтіруде нәтижелі жұмыстар атқарды.

2025 жылдың қорытындысы бойынша елімізде 20-дан астам маңызды нысанды жаңғырту жұмыстары сәтті аяқталды.

Атап айтқанда, Түркістан облысындағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде, Абай–Шәкәрім мемориалдық кешенінде, Сауран, Сығанақ (Сунақата), Жанкент, Отырар қалашықтарында, Ежелгі Түркістан қаласының аумағында, Шәмет Ишан және Аппақ Ишан мешіт-медреселерінде, Бөкей ордасындағы Жәңгір хан мешті мен мазарына, Қызылордадағы Құттыбай мавзолейінде (XVIII–XIX ғғ.), Солтүстік Қазақстан облысындағы көпес Юзефовичтің үйінде (қазіргі Бейнелеу өнері музейі) ғылыми реставрациялық жұмыстар жүргізілді. Барлық нысандарда реставрация және консервациялау жұмыстары ғылыми зерттеулерге, тарихи деректерге және түпнұсқалықты сақтау қағидаттарына толықтай сәйкес орындалды.

Сонымен қатар, жыл қорытындысы бойынша өңірлердегі филиалдарды дамытуға қатысты мәселелер мен ұсыныстарды талқыладық. Жыл бойы табысты еңбек еткен «Қазқайтажаңарту» РМК ұжымындағы әрбір азаматқа шынайы ризашылығымды білдіремін.