ТҮРКІСТАН ТЕМІР ЖОЛЫ ВОКЗАЛЫНА ҒЫЛЫМИ РЕСТАВРАЦИЯ ЖАСАЛАДЫ
«Қазқайтажаңарту» РМК тарихи ескерткіш Түркістан вокзалына реставрация жұмыстарын бастайды. Жоспарлы жаңғыртуды вокзал әкімшілігімен жан-жанқты талқыладық.
Ғылыми-жобалық құжаттамаға сәйкес, ұзақ жылдар бойы реставрация жасалмағае вокзалдың тарихи, сәулеттік-көркемдік келбеті қайта қалпына келтіріледі.
Реставрация жұмысы қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, жолаушылар қатынасына кедергі келтірмей жүзеге асады.


