KZ | RU | EN
050000. Алматы, Гоголь көшесі 37
Тел.: 8 (727) 382 4281, info@kazrestavration.kz

«Қазқайтажаңарту» РМК өңірлердегі филиалдары

Ғылыми-зерттеу және жобалау филиалы

2005 жылы «Қазқайтажаңарту» РМК құрамында ғылыми-зерттеу және жобалау басқармасы құрылған. 2007 жылы бұл басқарма Кәсіпорының ғылыми-зерттеу және жобалау филиалы болып қайтадан жасақталды.
Филиалдың негізгі функционалдық міндеті – елімзідегі тарихи және мәдени ескерткіштерге ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп, ғылыми-реставрациялық жұмыстарға арналған жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлейді.
Филиал ескерткіштердің жай-күйін бақылау бойынша тұрақты мониторингтік зерттеулер жүргізеді. Бұл зерттеулер республикалық және дүниежүзілік маңызы бар мәдени мұраны сақтау жөніндегі авторлық жобалық шешімдерді қабылдауға негіз болады.
Аталған жұмыстардың мақсаты – құрылыс жүргізілетін өңірдің табиғи-климаттық көрсеткіштері, аумақтың гидрогеологиялық жағдайы, нысанның ландшафтық ортасы, ғимараттың көлемдік-кеңістіктік құрылымы, конструкциялардың температуралық-ылғалдылық параметрлері, құрылыс материалдарының физикалық жай-күйі, ескерткішті сақтаудың нормативтік-құқықтық негізі және басқа да көптеген факторлардағы өзгерістерді талдау, зеделеу жұмыстарын жүргізеді.
«Қазқайтажаңарту» РМК ғылыми-зерттеу және жобалау филиалы облыстар бойынша ескерткіштер жинақтарын жасап, стратегиялық даму жоспарларын әзірлейді. Филиал Республика аумағындағы аса маңызды тарих және мәдениет ескерткіштері бойынша реставрациялау мен консервациялауға арналған ғылыми-зерттеу жұмыстары мен жобаларды дайындайды.
Қазіргі уақытта қазақ халқының мәдени мұрасын зерделеу жүйесін қалыптастыру, аумақтардың шекаралары мен қорғау аймақтарын анықтау, ескерткіштерді басқару және сақтау жөніндегі менеджмент-жоспарларды әзірлеу, қазақстандық ескерткіштерді ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізу үшін сериялық номинация дайындау, республика облыстары бойынша тарихи және мәдени ескерткіштердің жинақтарын әзірлеу бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі таңда филиал тарихи, мәдени ескерткіштерге жүргізілетін ғылыми-реставрациялық жұмыстардың нормативтік құнын айқындау бағытында жұмыс жүргізуде.

Түркістан филиалы

«Қазқайтажаңарту» РМК-ның Түркістан облысындағы филиалы 1997 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Филиал ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің стратегиялық даму жоспарын іске асыру мақсатында тарихи және мәдени ескерткіштерге ғылыми-реставрациялық жұмыстар жүргізу, оларды қайта жаңғырту және сақтау қызметін атқарады.
Осы жылдар ішінде Кәсіпорын Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи, Рабиға Сұлтан Бегім, Арыстан Баб, Әлқожа-Ата, Баба-Ата, Құмшық Ата кесенелерін, Тараз қаласындағы Қарахан, Айша-Бибі, Ақтөбе облысындағы Абат-Байтақ, Қазығұрттағы Исхақ-Ата, Түрбат кешенінің (Жәбірейіл-Ата, Исмайыл-Ата, Қошқар-Ата және т.б.) кесенелеріне ғылыми реставрациялыұ жұмыстар жүргізіп қалпына келтірді.
Филиал жанынан ежелгі технологиялар бойынша дайындалатын және ескерткіштерді реставрациялау барысына қолданылатын қалыптау бұйымдарын (кірпіш, майоликалық тақтайшалар, терракота және жылтыр қыш бұйымдар және т.б.) өндіретін технологиялық әлеуеті бар қуатты өндірістік базасы құрылды.
Түркістан қаласының 1500 жылдық мерейтойына орай «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі аумағында Шығыс моншасы, XIX ғасыр мешіті, қылует, Рабиға Сұлтан Бегім кесенесі және басқа да 20 дан астам ескерткішке реставрация жасады.

Қызылорда филиалы

1980 жылдары «Қазқайтажаңарту» РМК-ның Қызылорда облысындағы филиалы реставрациялық шеберхана ретінде құрылып кейінінен мамандандырылған реставрациялық тресіне айналған. 2001 жылғы 25 қазанда реставрациялық шеберхана Кәсіпорының Қызылорда филиалы болып қайта жасақталды.
Филиалдың мақсаты – тарихи және мәдени ескерткіштерге ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізіп, көне нысандарды жаңғырту, тарихи деректерге сүйене отырып қайта жаңғырту және музей экспозициясына айналдыру, мұраны сақтау және дамыту істерін атқарады.
Филиалдың негізгі міндеттері:

  • тарихи және мәдени ескерткіштерге жөндеу-құрылыс және реставрациялық жұмыстар жүргізу;
  • жылжымайтын тарихи және мәдени ескерткіштерді қалпына келтіру, сақтау, регенерациялау және музей экспозициясына айналдыру.
Қызылорда филиалы республикалық және жергілікті маңызы бар 70-тен астам тарихи-архитектуралық ескерткішерді қалпына келтірді. Олардың қатарында Дүзен, Асан-Ата, Мақұл-Там, Оқшы-Ата, Баланды кесенелері және басқа да көптеген тарихи-мәдени нысандар бар. Сондай-ақ, Сауран, Сығанақ, Көне Тараз, Көне Түркістан қалашықтарын консервациялау және музейге айналдыру жұмыстарын сәтті жүргізді.

Батыс Қазақстан филиалы

1980 жылдары «Қазқайтажаңарту» РМК Батыс Қазақстан филиалы реставрациялық бірлестігі жанындағы реставрациялық шеберхана ретінде құрылып, кейін мамандандырылған реставрациялық тресіне айналды.
2001 жылғы 25 қазанда реставрациялық шеберхана Батыс Қазақстан филиалы болып қайта құрылды. Филиалдың негізгі қызметі – Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің стратегиялық даму жоспары аясында тарих және мәдениет ескерткіштерге ғылыми-реставрациялық жұмыстар жүргізіп, нысандарды қайта жаңғырту және сақтау ісімен айналысады.
Батыс Қазақстан филиалы Маңғыстау облысындағы Шопан-Ата, Сисем-Ата, Қараман-Ата, Шақпақ-Ата, Бекет-Ата сияқты бірегей көне ескерткіштерді, сондай-ақ Атырау облысындағы көне Сарайшық қалашығын реставрациялау және консервациялау жұмыстарын атқарды. Сонымен қатар, Солтүстік Қазақстан облысындағы Қарасай мен Ағынтай батырларға арналған мемориалдық кешендеріне реставрация жұмыстарын жүргізді.

Тараз филиалы

1980 жылдары Тараз қаласындағы филиал - «Қазқайтажаңарту» РМК мамандандырылған реставрациялық бірлестігі жанынан реставрациялық шеберхана ретінде құрылып, кейін мамандандырылған реставрациялық тресіне айналды. 1998 жылы шеберхана «Қазқайтажаңарту» РМК-ның Тараз филиалы болып қайта аталды.
Филиалдың мақсаты – тарихи және мәдени ескерткіштерге ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізіп, көне нысандарды жаңғырту, тарихи деректерге сүйене отырып қайта жаңғырту және музей экспозициясына айналдыру, мұраны сақтау және дамыту істерін атқарады.
Тараз филиалы республика аумағында көптеген бірегей ескерткіштерге реставрация және консервация жасады. Олардың қатарында Ақтөбе (Степнинское) ортағасырлық қалашығының цитаделіндегі сарай құрылыстары, Абдулла-Ишан және Аппақ-Ишан мешіттері, Даутбек, Әулие-Ата кесенелері, Ақыртас сарай кешені, Тараз қалашығы, Шоқай Датқа кесенесі, сондай-ақ әйгілі Айша-Бибі мен Бабаджа-Хатун кесенелерін қайта жаңғырту жұмыстарын атқарды.
Сонымен қатар Тараз қаласының 2000 жылдық мерейтойына орай «Тараздың көне ескерткіштері» музей-қорығының көптеген нысандарына реставрация жұмыстарын жүргізді.