ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕК КЕСЕНЕСІНЕ РЕСТАВРАЦИЯ ЖАСАЛЫП ЖАТЫР
«Қазқайтжаңарту» РМК Түркістан облысы, Отырар ауданында орналасқан Өзбекәлі Жәнібек кесенесінде реставрациялық жұмыстарды кезең-кезеңімен жүргізіп жатыр.

Қайта қалпына келтіру жұмыстары 15 маусымда басталды. Қазіргі уақытта кесене күмбездері қыш кірпішпен қапталуда. Кірпіш қаптау жұмыстары аяқталғаннан кейін, су өтпеуі үшін жіктері арнайы қоспамен толтырылады.
Кесененің ішкі бөлігінде де қарқынды жұмыстар жүргізілуде. Бүгінде қабырғалар мен төбенің үгітілген сылақ қабаты толықтай алынып, қайта сыланды. Алдағы кезеңде ескерткіштің едені толық жаңартылып, есік-терезелері қалпына келтірілгеннен кейін өз орындарына орнатылады.
«Қазқайтажаңарту» РМК кесенеде жүргізіп жатқан реставрациялық жұмыстарды белгіленген мерзімде аяқтайды.