KZ | RU | EN
050000. Алматы, Гоголь көшесі 37
Тел.: 8 (727) 382 4281, info@kazrestavration.kz

ПРЕЗИДЕНТ ЖАРЛЫҒЫМЕН ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

31/08/2026 | 142
ПРЕЗИДЕНТ ЖАРЛЫҒЫМЕН ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Аида Балаева Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.

Бүгін Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасары Аида Балаеваны қабылдап, Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының құрылуына байланысты бірқатар басым міндеттерді айқындады.

Президентке тікелей бағынатын және есеп беретін жаңа мемлекеттік орган ұлттық қауіпсіздікті, заң мен тәртіпті қамтамасыз ету бағытында қызмет атқарады.

«Қазқайтажаңарту» РМК ұжымы Аида Ғалымқызын жауапты мемлекеттік қызметке тағайындалуымен шын жүректен құттықтайды!

Бұл тағайындауда Аида Ғалымқызы кәсіби білімі мен мол тәжірибесіне сүйеніп  жаңа қызметте ел қауіпсіздігі мен мемлекеттің тұрақтылығын нығайтуға бағытталған Мемлекет басшысы жүктеген жауапты міндеттерді абыроймен атқара беретініне сенімдіміз. 

Ел игілігі жолындағы жауапты қызметінде толағай табыс, жаңа бастамаларына сәттілік, зор денсаулық пен қажымас қайрат тілейміз!

«Қазқайтажаңарту» РМК ұжымы