ПАРИЖ ТӨРІНДЕ АЙТЫЛҒАН ҰСЫНЫС
Бүгін Париж қаласында “Қазақстан - Франция: мәдени диалогтан - ортақ жобаларға” атты дөңгелек үстел өтті. Шара ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылды.

Халықаралық жиынға екі елдің мәдениет саласындағы өкілдері қатысып, ортақ жобаларды талқыланды. Дөңгелек үстелде “Қазқайтажаңарту” РМК Бас директоры Олжас Шариязданов реставрация саласы бойынша баяндама жасады.

Баяндамада кәсіпорын атқарып жатқан жұмыстар таныстырылып, бірнеше ұсыныс айтылды. Соның ішінде екі ел арасындағы бірлескен ғылыми зерттеу жобаларын ұйымдастыру, мәдени мұраларды цифрландыру, реставрация саласындағы жас мамандарды даярлау мәселелеріне ерекше тоқталды. Жиын соңында кәсіпорын тарапынан алғашқы қадам ретінде ғылыми семинарлар мен шеберлік сағаттарын, сондай-ақ мамандарды “Қазқайтажаңарту” базасы мен франциялық мекемелерде тағылымдамадан өткізу жобаларын ұйымдастыру ұсынылды.
Мұндай халықаралық іс-шаралар реставрация саласын алға ілгерілетіп, кәсіпорын үшін әлем елдерімен тәжірибе алмасуға жол ашады.