«ҚАЗҚАЙТАЖАҢАРТУ» РМК ТЕХНИКАЛЫҚ КЕҢЕСІ ӨТТІ
“Қазқайтажаңарту” РМК мамандарынының ғылыми кеңесі Алматыдағы кәсіпорын филиалында өтті. Ғылыми-жобалық құжаттамалар бойынша техникалық кеңесте еліміз үшін маңызды нысандардың жай-күйі зерделеніп, ғылыми реставрация жүргізудің әдістері пысықталды.
Аталған нысандар қатарына Сығанақ, Сауран, Қожа Ахмет Яссауи, Тараз, Ескі Түркістан, Ақыртас және өзге де тарихи ескерткіштер кіреді. Сондай-ақ мәдени орындарды реставрациялау үшін ғылыми құжаттамалары дайындалды.
«Қазқайтажаңарту» РМК баспасөз қызметі