KZ | RU | EN
050000. Алматы, Гоголь көшесі 37
Тел.: 8 (727) 382 4281, info@kazrestavration.kz

«ҚАЗҚАЙТАЖАҢАРТУ» РМК ҚЫЗМЕТКЕРІ ПӘТЕР АЛДЫ

22/05/2026 | 49
«ҚАЗҚАЙТАЖАҢАРТУ» РМК ҚЫЗМЕТКЕРІ  ПӘТЕР АЛДЫ

«Қазқайтажаңарту» РМК ұжымының бас есепшісі Эльмира Абенбаева жаңа пәтердің кілтін алды. Баспана маманға 21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай берілді.

Марапатты Алматыда өткен салтанатты жиында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Ғалымқызы Балаева табыстады. «Мен «Қазқайтажаңарту» РМК ұжымында 22 жылдан бері еңбек етіп келемін. Елімізде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың мәдениет саласы қызметкерлерін әлеуметтік қолдау бағытындағы тапсырмаларына орай, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның мамандарды баспанамен қамту мәселесін тиімді шешудегі жұмысына ризашылығымды білдіремін», - деді тосын жаңалыққа қуанған Эльмира Абенбаева. Салтанатты жиында министр мәдениет пен өнер саласында еңбек етіп жүрген мамандарға 60 пәтердің кілті табыстаған.

Бұл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың мәдениет саласы қыметкерлерін әлеуметтік қолдау бағытындағы тапсырмаларының нақты орындалғандығының нәтижесі. Осы орайда, «Қазқайтажаңарту» РМК ұжымы еліміздің тарихи, мәдени ескерткіштері мен ұлттық құндылықтарын сақтау, қайтажаңырту саласындағы жұмыстарға ерекше ықылас білдіріп, білікті мамандарды ұдайы қолдау көрсететін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Ғалымқызы Балаеваға айырықша ризашылық білдіреді. Сондай-ақ, баспаналы болған әріптесімізді шын жүректен құттықтаймыз.

«Қазқайтажаңарту» РМК баспасөз қызметі