ХАЛЫҚ АҚЫНЫ ҮМБЕТӘЛІ КӘРІБАЕВТЫҢ МУЗЕЙ-ҮЙІ РЕСТАВРАЦИЯЛАНУДА
Алматы облысы Жамбыл аудандағы халық ақыны Үмбетәлі Кәрібаевтың музей-үйіне ғылыми-реставрация жұмыстары жүргізіліп жатыр.


Бүгінде «Қазқайтажаңарту» РМК жалпы ауданы 90 шаршы метр музей шатырының ағаштары қаңқалары мен қаңылтыры түгел ауыстырып, арнайы су ағарларын орнатқан. Сонымен қатар, нысанның сыртқы және ішкі қабырғалары қайта өңделіп, үйдің едені толықтай жаңартылған.


Алдағы уақытта музейдің қасбет өңделіп, жарылған қабырғалары бекітіледі. Сонымен қатар, үйдің 10 терезесі мен есіктері салынып, күрделі ғылыми реставрация толықтай аяқталады.

Ақын Үмбетәлі Кәрібаевтың музей-үйіндегі реставрация жұмыстары нысанның әуелгі сәулеттік келбетін сақтай отырып жүргізіледі. «Қазқайтажаңарту» РМК қалпына келтіру жұмыстарын белгіленген уақытта аяқтайды.