САУРАН ҚАЛАШЫҒЫНА ҒЫЛЫМИ-РЕСТАВРАЦИЯ ЖАСАЛДЫ
“Қазқайтажаңарту” РМК Түркістан облысы, Сауран ауданында орналасқан көне Сауран қалашығындағы ғылыми реставрация жұмыстарын аяқтады. Реставрация қалашықтағы нысандардың жай-күйін жақсартып, тарихи бейнесін қалпына келтіруге бағытталған.

Реставрация жұмыстары қалашық аумағындағы ханака мен медресеге жасалды. Жұмыс барысында нысан қабырғаларының беткі қабатындағы зақымданған кірпіштері арнайы әзірленген кірпіштермен ауыстырылып, жіктері қалпына келтірілді. Сонымен қатар 2 нысанды қоршап тұрған тіреу қабырғаларының үгітілген сылақ қабаты қайта сыланды.

Қалашықты қалпына келтіру жұмыстары 2 ай бойы жүргізілді. Реставрация ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен, әлемдік стандарттарға сай жасалды.