KZ | RU | EN
050000. Алматы, Гоголь көшесі 37
Тел.: 8 (727) 382 4281, info@kazrestavration.kz

АЛМАТЫДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

17/08/2026 | 91
АЛМАТЫДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

Алматыда «ХХ ғасыр сәулет мұрасын сақтау: қазіргі заманның жаһандық сын-қатерлері» атты халықаралық конференциясы өтіп жатыр. Халықаралық жиында «Қазқайтажаңарту» РМК Бас директоры Олжас Шариязданов баяндама жасады.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен өтіп жатқан конференцияны Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясында Қазақстандағы ICOMOS ұлттық комитеті, Германиядағы ICOMOS ұлттық комитетімен және академияның ЮНЕСКО кафедрасымен бірлесіп ұйымдастырылды.


Конференцияға әлемнің мәдени мұра саласындағы көрнекті сарапшылары қатыстып баяндама жасады. Олардың қатарында ICOMOS International вице-президенті, доктор Р.Алаталу (Эстония), ICOMOS Германияның бұрынғы президенті, доктор Й. Хаспель, ICOMOS EPWG халықаралық жас мамандар тобының жетекшісі М.Перейра, ICOMOS World Heritage Panel ресми сарапшысы, доктор Р.Мирзикашвили бастаған шетелдік және отандық ғалымдар бар.

Жиында баяндама жасаған «Қазқайтажаңарту» РМК Бас директоры Олжас Шариязданов Қазақстандағы тарихи-мәдени мұраны сақтау бағытындағы кәсіпорының жүйелі жұмыстарын таныстырды. Сондай-ақ 1972 жылғы ЮНЕСКО конвенциясының талаптарына сәйкес 2025 жылдың қазан айында Тентатив листке (Алдын ала тізімге) Вознесенск кафедралды соборы, Үкімет үйі және «Қазақстан» қонақүйі ұсынылып, енгізілгенін атап өтті.

Іс-шара 17-21 тамыз аралығында 5 күнге жоспарланған. Алдағы уақытта қатысушыларға арналған көрме мен жазғы мектеп ұйымдастырылады.